ПОДЕЛИТЬСЯ
01 тамыз 2022 | 11:27
Қанша қазақстандықтың жаңа киім, аяқкиім алуға шамасы жетпейді - зерттеу
12 ай ішінде жоқшылықтан қиналған қазақстандықтардың үлесі айтарлықтай төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ай ішінде жоқшылықтан қиналған қазақстандықтардың үлесі айтарлықтай төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамаға сәйкес, кейінгі бір жылда жоқшылықты бастан өткерген қазақстандықтар үлесі азайғанымен, көрсеткіш жоғары болып отыр.
Сондай-ақ, қаржылық қиындықтарға байланысты екі жұп қыстық және жаздық қолайлы аяқкиімді ала алмайтын қазақстандықтардың үлесі де бірнеше пайызға – 15,3-тен 11,3 пайызға төмендеген. Достарымен немесе туыстарымен дастарқан басында бірге уақыт өткізуге айына бір рет кездесуге мүмкіндігі жоқтардың үлесі 6,3 пайыз болған.
Бұл ретте балық, ет немесе тауық еті қосылған ыстық тамаққа жағдайы жоқтардың үлесі шамамен бір пайыз өсіп, 7,9 пайызға жетті. Тозған аяқкиім мен киімді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігі жоқтардың үлесі 5 пайыздан 5,2 пайызға дейін өсті.
Қалаларда қаражаттың жоқтығынан қиыншылық көрген халықтың үлесі ауылдарға қарағанда көбірек. Мәселен, қаланың 20,9 пайызы, ауыл тұрғындарының 19,4 пайызы жиһазды алмастыра алмайды. Ауыл тұрғындарының 4,7 пайызы ғана тозығы жеткен киім мен аяқкиім киеді, ал ауыл тұрғындарының 5,2 пайызы туыстарымен, достарымен кездесе алмайды. Бұл ретте өздерін ыстық тамақпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл тұрғындарының пайызы көбірек – қала тұрғындарының 7,6 пайызына қарағанда 8,4 пайыз.
Әйелдер ерлерге қарағанда қаражаттың жетіспеушілігінен жиі жоқшылыққа тап болады. Әйелдердің 12,3 пайызы және ерлердің 10 пайызы екі жұп қолайлы қысқы және жазғы аяқкиімді ала алмайды, әйелдердің 5,7 пайызы және ерлердің 4,5 пайызы тозған аяқкиім мен киімді жаңасына ауыстыра алады.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың 6,1 пайызында үйдегі жылуды жеткілікті деңгейде ұстауға және оны төлеуге мүмкіндігі жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также