Қант төңірегіндегі дүрлікпе: Әкімдіктерге қорды арттыру туралы кеңес берілді
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер жергілікті билікке қант сатып алып қоюға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер жергілікті билікке қант сатып алып қоюға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың арасында қант қатты қымбаттаған: қант - 17,6 пайызға, күріш - 11,3, қырыққабат - 8,6, күнбағыс майы 4,5 пайызға қымбаттады.
"ӘКК шотында (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация - Авт.) 5 миллиард теңге бар, қаржының басым бөлігі Астанаға, Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарына тиесілі. Қанттың жеткіліксіздігіне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі артық ақшасы бар өңірлерге 10 мың тоннаға дейін қант сатып алуға кеңес берді", - деді ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев үкімет отырысында.
Евниевтің айтуынша, кейбір азық-түлік арзандаған. Қарақұмық жармасы орта есеппен 27,2 пайызға, картоп - 22,3, пияз 16 пайызға арзандаған.
Евниевтің сөзіне қарағанда, тауарлардың қымбаттауы жанармайдың, электр қуаты мен газдың қымбаттауымен байланысты.