KASE доллар бойынша таңғы сауда қорытындысын жариялауды тоқтатады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстан қор биржасы сағат 11.00-дегі сауда қорытыныдысын жариялау тоқтатылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасы сағат 11.00-дегі сауда қорытыныдысын жариялау тоқтатылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк шетел валюталарының ресми бағамын анықтау үшін KASE 15.30-дағы жағдай бойынша USDKZT_TOM (АҚШ доллары бойынша орташа бағам) есептейді және жариялайды, оның негізінде басқа шетел валюталарына кросс-бағамдар есептеледі.

"USDKZT_TOM 15.30 және 17.00-дегі жағдай бойынша, KASE сайтында стандартты режимде жарияланатынын хабарлаймыз. Бұрын ақпараттық мақсатта 11.00-де бағамды жариялау тоқтатылады", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ұлттық банк 5 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы -  472,76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 463,25 теңге, ал сатылымы - 467,76 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 463,94 теңгеден сатып алады, 468,06 теңгеден сатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама