KASE күндізгі сессиясында ұлттық валюта шамамен 5 теңгеге нығайды

© Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 373,56 теңгеге тең болды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 ақпандағы күндізгі сессияда алғашқы сауда 377,1 теңгемен басталды. Сессиядағы ең төменгі баға 369,6 теңге болса, ең жоғарысы 377,9 теңгеге дейін жетті. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 367-373 теңге аралығында саудалап жатыр. Айта кетейік, сессия кезінде сауда көлемі 64,3 миллион доллардан асты.

Еске салайық, бүгін таңғы сессияда доллар бағамы 377,96 теңгеге тең болған еді. Осылайша, доллар таңғы сессиядан бері шамамен 5 теңгеге арзандап отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама