Кәсіпкерлер палатасы міндетті жарнасының көлемі өзгереді

©Тұрар Қазанғапов

Бизнесмендердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүше болғаны үшін төлейтін міндетті жарнасының көлемі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі Заңғар Ноғайбайға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бүгінде осы мәселе отандық кәсіпкерлерді жиі мазалайды. Себебі міндетті жарнаны белгілеу жүйесін әлі де жетілдіру керек. "Осыған байланысты біз сәуір айнынан бастап сайт арқылы кәсіпкерлердің шамамен 50 ұсынысын жинап, осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құрдық. Ол міндетті жарнаны белгілеудің үш жолын анықтады. Бірінші нұсқасына сәйкес, корпоративті табыс салығын төлемей тұрып, табысқа салынатын салықтың пайыздық мөлшерлемесі алынады. Екіншісі - кәсіпкерлік нысанның жалпы табысына салынатын салықтың пайыздық көлемі. Ал үшінші жолы - міндетті жарнаны қазіргі деңгейде қалдыру. Бірақ әрбір аймақтық өзіндік жарнасы болады", - деді бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының I съезінде Ноғайбай. 

Басқарма мүшесінің сөзіне қарағанда, міндетті жарнаның көлемін өзгерту мәселесі кеңінен пысықталады. Ал тамыз айында палата президиумы өз шешімін шығарады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама