ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қазан 2020 | 16:52
Kaspi.kz IPO-ны сәтті өткізгенін хабарлады
Қазақстандық ірі Kaspi.kz инновациялық компаниясы London Stock Exchange (LSE) және Astana International Exchange (AIX) биржасында IPO-ның сәтті өткізілгенін хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық ірі Kaspi.kz инновациялық компаниясы London Stock Exchange (LSE) және Astana International Exchange (AIX) биржасында IPO-ның сәтті өткізілгенін хабарлады.
Ұсыныстың бастапқы бағасы бір жаһандық депозитарлық қолхат (GDR) үшін 33,75 доллар деңгейінде болды. Бұл компанияның нарықтық капиталдандыру деңгейі 6,5 миллиард доллар екенін көрсетеді. London Stock Exchange қор биржасындағы сауда-саттықтың бірінші күнінің нәтижесі бойынша Kaspi.kz компаниясының бағасы 20 пайызға өсті.
Компанияның басқарма төрағасы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Біз әлемнің ең беделді және ірі инвестициялық компанияларын Қазақстанның және Kaspi.kz-тің инвестициялық тартымдылығына сендіргеніне қуаныштымыз. Біздің IPO-да табысты болуымыз Қазақстанды әлемдік инновациялар картасына шығаруға және әлемдегі ірі инвесторларға елімізді цифрлық трансформациялауға мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз - сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту. Біз еліміздегі ең танымал супер қосымша Kaspi.kz-ті одан әрі дамытамыз, әрі клиенттерімізге, серіктестерімізге және Қазақстанға көп пайда әкелуге тырысамыз", - дейді төраға.
Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы және тең құрылтайшысы Вячеслав Ким компанияның тарихы осыдан 10 жыл басталғанын атап өтті.
"Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің адал және керемет талантты командамыздың әр мүшесіне алғыс айтқым келеді. Олар компанияның жетістікке жетуіне басты роль атқарды. Біз басынан елімізді цифрландырудың алдыңғы шебінде болдық. Қазақстанда мемлекет инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық қолайлы мүмкіндікті жасап, ұсынып отыр. Осының арқасында Kaspi.kz сынды инновациялық және технологиялық компаниялар пайда болады. Біз IPO-ның табысты өтуі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз, әрі бұл басқа қазақстандық компанияларға әлемдік капитал нарығына шығуға мүмкіндік береді", - дейді Вячеслав Ким.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также