17 қыркүйек 2019 | 11:43

Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша 140 елдің ішінде 28-орынды алады

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингіндегі және басқа да халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту шаралары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингіндегі және басқа да халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту шаралары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Doing Business бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 2019 жылы әлемнің 140 елінің ішінде 28-орынды алғанын атап өтті. 

Реклама
Реклама

"Біз өзіміздің алдымызға 2025 жылы алғашқы жиырма елдің қатарына кіруге мақсат қойып отырмыз. Бүгінгі күні бұл Финляндия, Австралия және Латвия секілді елдердің деңгейі", - деді ұлттық экономика министрі.

Қазақстанның өңірлері бөлінісінде, бизнесті жүргізу жағдайлары бойынша Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалалары көш бастап тұр. 

Руслан Дәленовтың айтуынша, сауда және көлік инфрақұрылымының даму деңгейі Дүниежүзілік банктің LPI (Logistics Performance Index) рейтингімен өлшенеді. Индекс елдердің сауда логистикасын дамытудағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктерін айқындауға жәрдемдеседі. 

"Қазақстан бұл рейтингте 2018 жылдың қорытындысы бойынша 71-орынды иеленді. Еліміз 2025 жылға қарай топ-40 елдің қатарына кіруі қажет. Олар - Израиль, Исландия, Малайзия секілді елдер", - деді Р. Дәленов.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін Дүниежүзілік экономикалық форум есептейді. Бұл рейтингте Қазақстан 2018 жылдың қорытындысы бойынша 59-орынға ие болды. 2025 жылға қарай еліміз алғашқы 40 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл Италия, Эстония, Чили сияқты елдердің деңгейі.

"Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде кедендік ресімдеудің тиімділігін өлшейтін құрамдауышты ерекше атап өту керек. Бұл фактор бойынша Қазақстан 64-орында. 2025 жылға қарай алғашқы 40 елдің қатарына кіруіміз қажет. Бұл Израиль, Чехия, Чили сияқты елдердің деңгейі", - деді Дәленов.

Бұдан өзге, ұлттық экономика министрінің айтуынша, инвесторлар білім беру деңгейіне ерекше назар аударады. Бұл орта және жоғары білім дайындығының деңгейі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің арасында негізгі индикатор PISA - білім алушыларды бағалау халықаралық бағдарламасы. Аталған рейтинг мектепте білім беру сапасын үш пән бойынша өлшейді: математика, жаратылыстану, оқу. Рейтинг әрбір 3 жылда қалыптастырылады. 2018 жылдың қорытындысы  бойынша рейтинг ағымдағы жылғы желтоқсан айында жарияланатын болады.

Р. Дәленовтың айтуынша, егемен кредиттік рейтингтер инвесторлар үшін барынша маңызды фактор болып табылады. Бұл рейтингтерді Standard&Poor’s, Moody’s и Fitch сияқты агенттіктер жасайды. Ағымдағы жылғы тамыз айында аталған рейтингтік агенттіктер өз рейтінгілерін растады (BBB-/Baa3/BBB). Бұл ретте  Moody’s "тұрақты" болжамын "позитивті" болжамына жақсартты.

"Бүгінгі таңда Қазақстанның егемен кредиттік рейтингі бағалаудың "инвестициялық" санатына кіреді, бірақ тәуекел деңгейі  "орташа" деп сипатталады. 2025 жылға қарай елімізге тәуекел деңгейі төмен елдердің санатына ауысу қажет. Бұл А деңгейіндегі кредиттік рейтинг. Бұл топқа Чили, Жапония, Польша сияқты елдер кіреді", - деді министр. 

Аталған рейтингке қол жеткізу үшін елімізге экономика құрылымын әртараптандыру, банк секторын сауықтыру, бюджет тәртібін күшейту қажет.

Бекітілген Іс-шаралар жоспарын орындау мониторингін Үкіметтің Жобалық офисінің жұмысы шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная