10 қараша 2021 | 11:08

Қазақстан экономикасы сенімді өсу қарқынын сақтап келе жатыр - Мамин

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Асқар Мамин Қазақстан экономикасы сенімді өсу қарқынын сақтап тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Асқар Мамин Қазақстан экономикасы сенімді өсу қарқынын сақтап тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Жиында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экономиканың дамуы, ақша-несие саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы баяндады.

"Биылғы он ай қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,5 пайыз болды. Нақты секторда өндірістің орнықты өсу қарқыны байқалып отыр. Осылайша, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 5,3 пайызға өсті. Өсім техника жасауда - 19,5 пайыз, оның ішінде автомобиль жасауда - 23,4 пайыз, локомотивтер мен вагондар өндірісінде - 59,0 пайыз, құрылыс материалдары өндірісінде - 9,3 пайыз, фармацевтикада - 33,6 пайыз, пластмасса бұйымдары өндірісінде - 36,5 пайыз, киім өндірісінде - 11,4 пайыз, жиһаз өндірісінде - 11,8 пайыз, дайын металл бұйымдары өндірісінде 16,4 пайыз байқалады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Карантин шараларды біртіндеп жеңілдету арқасында қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік 3,4 пайыз өсіммен қалпына келген, бұл байланыс қызметтері (+12,9 пайыз) мен саудадағы (+9,5 пайыз) серпіннің жоғары болуына байланысты. Құрылыс саласы 7,6 пайызға өсті, делінген премьер-министр сайтында.

"10 айда елімізде 11,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайызға артық. Инвестициялардың өсу қарқыны біртіндеп қалпына келіп жатыр – өсім 2,5 пайыз, ал тау-кен өндіруді есептемегенде – 14 пайыз. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімінің жоғары көрсеткіштері құрылыста (+120,6 пайыз), өңдеу өнеркәсібінде (+78,6 пайыз), ауыл шаруашылығында (+41,9 пайыз), саудада (+31,4 пайыз), жылжымайтын мүлік операцияларында (+17,4 пайыз), қаржы қызметінде (+12,1 пайыз) байқалады", - делінген баспасөз қызметі мәліметінде.

Баспасөз қызметі мәліметінше, биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындылары бойынша Алматы және Жамбыл облыстары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз еткен.

Ең төменгі көрсеткіштерге Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында қолжеткізілді. Үкімет басшысы азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеуді, отандық өндірісті қолдауды қамтамасыз етуді, инвестиция тартуды, экспортты ілгерілетуді, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауды және тұрақты жұмыс орындарын құруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram