14 мамыр 2019 | 11:50

Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайызға жетті - Асқар Мамин

© primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар–сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 
 
ҚР Үкіметінің басшысы Ұлттық банк төрағасының, ұлттық экономика, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерінің, өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдағаннан кейін, экономика өсімінің оң қарқыны сақталғанын атап өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар–сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 
 
ҚР Үкіметінің басшысы Ұлттық банк төрағасының, ұлттық экономика, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерінің, өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдағаннан кейін, экономика өсімінің оң қарқыны сақталғанын атап өтті.

ЖІӨ өсімі биылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайыз құрады. Құрылыс 8,4 пайызға, сауда-саттық 7,3 пайызға, көлік саласы 4,8 пайызға, машина жасау 19,8 пайызға, оның ішінде автомобиль өнеркәсібі 45,8 пайызға, металл кендерін өндіру 14 пайызға, мұнай өңдеу 9,1 пайызға және жеңіл өнеркәсіп 27,4 пайызға өсіп, экономиканың негізгі драйверлеріне айналды.

Реклама
Реклама

"Осы қарқынды сақтап қана қоймай, экономиканы одан әрі дамыту бойынша шараларды да қабылдау қажет", - деп тапсырды ҚР премьер-министрі.  

Негізгі базалық көрсеткіштер бойынша экономика өсіміне Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Атырау облыстарында қол жеткізілген. Өз кезегінде, Маңғыстау, Ақмола облыстарының және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне ҚР Үкіметінің басшысы құрылыс, инвестициялар, өнеркәсіп және тұрғыс үйді пайдалануға беру көлемдерін арттыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

"Төмендеуге жол берілген өңірлердің әкімдіктері жоспарлы көрсеткіштерге шығуы қажет, ал көш бастап тұрған өңірлер қолда бар қарқынды төмендетпеуі керек", - деді Асқар Мамин.  

Осы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке кірістер - 2,1 триллион теңгені, өсім қарқыны 119,4 пайыз болды. Есепті кезеңде республикалық бюджетті игеру 98,3 пайыз болды. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бағдарламалардың бірқатар әкімшілерінде бақыланған, бюджеттің толық орындалмауына байланысты жұмысты күшейтіп, бюджет қаражаттарын уақытылы игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.  

ҚР Үкіметінің басшысы мәселені қарау қорытындысын шығара отырып, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

"Қолда бар қорларды тиімді пайдалану қажет. “Нұрлы жол”, “Нұрлы жер”, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын және басқа да салалық мемлекеттік бағдарламалардың сапалы әрі толық іске асырылуын қамтамасыз ету қажет", - деп А. Мамин, "аталған бағдарламаларды іске асыру экономиканы дамытуға елеулі серпін беретінін айтты".   

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға экономиканы дамыту қарқынын жеделдету үшін барлық күш жігерді жұмсау тапсырылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная