09 маусым 2021 | 09:46

Қазақстан өңірлерінде картоп қымбаттады

Фото: Pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы күрт өсті. Мысалы СҚО-да картоптың келісі 500 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы күрт өсті. Мысалы СҚО-да картоптың келісі 500 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, Солтүстік Қазақстанда картоптың бағасы күн сайын өсіп жатыр. Өңірде оны көптеп өсіретін және картоп қолжетімді болған. Бүгінде баға тұрақтандыру қорының сату нүктелерінде ғана қолжетімді болып қалды. Мұнда картоптың бағасы 100 теңгеден, бірақ ол жерде дүкен ашылғанға дейін ұзын сонар кезек пайда болады екен. Әр адамға тек үш келіден сатылады.  

Кәсіпкерлік басқармасы бұл проблема туралы хабардар, алайда олар қолжетімді баға қойып, жағдайды бақылауға алуға қауқарсыз. Себебі бағаның өсуі маусым сайын байқалады және қолжетімді бағада сататын елдермен шекара ашылғанша жаңа егін дайын болады. Осылайша картоптың бағасы да түседі. 

Реклама
Реклама

Шенеуніктер жергілікті билік неліктен бірден әрекет етпегеніне жауап бере алмады. 

Ақтөбеліктер де көкөністердің қымбаттауына наразы. Өңірде картоптың келісі 300 теңгеден болса, қызылша мен сәбіздің бағасы одан қымбат - келісі 400 теңгеден. Мұндай жағдай қаланың барлық жерінде байқалған. Мысалы коммуналдық нарықта картоптың бағасы 300-350 теңге аралығында.

Жергілікті билік жағдай жақын арада тұрақтанатынын айтып сендірген. Алдағы күндері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның екі жүк көлігін жібереді. Барлық шығынды әкімдік мойнына алады. Шенеуніктер осылайша Ақтөбеде көкөністің бағасы қолжетімді болады деп үміттеніп отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная