04 қыркүйек 2017 | 18:32

Қазақстанда 2017 жылы не қымбаттады - ҰЭМ статистикасы

© Agroinfo.kz

Баға азық-түлік тауарларына биылғы сегіз айда (2017 жылдың тамызы мен 2016 жылдың желтоқсаны) 3,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларына 4,2 пайыз, ақылы қызметтерге 4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Баға азық-түлік тауарларына биылғы сегіз айда (2017 жылдың тамызы мен 2016 жылдың желтоқсаны) 3,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларына 4,2 пайыз, ақылы қызметтерге 4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы жылдың басынан (2017 жылдың тамызы мен 2016 жылдың желтоқсаны) бағаның өсуі картопқа 17,3 пайыз, қой етіне - 12 пайыз, сиір етіне - 11,2 пайыз, консервіленген сүтке - 8,7 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 7 пайыз, жылқы етіне - 6,6 пайыз, сары майға, мәйекті ірімшікке - 6,5 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге - 2,4 пайыз болып белгіленгені хабарланып отыр.

Реклама
Реклама

Ал бағаның төмендеуі қиярға 68,6 пайыз, қызанаққа - 55,2 пайыз, жұмыртқаға - 30,2 пайыз, сарымсаққа - 23,2 пайыз, қарақұмық жармасына - 18,8 паыйз, тәтті бұрышқа - 17,9 пайыз, күнбағыс майына - 10,4 пайыз болып тіркелді.

"Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 8,4%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 7%, автомобильдерге - 5,5%, газеттер мен журналдарға - 5,1%, кітаптарға - 4,9%, тоқыма бұйымдарына - 4,3%,киім және аяқ киімге - 4,2%, фармацевтикалық өнімдерге - 3,8%-ға, жеке қолданатын тауарларға, тұрмыстық аспаптарға - 3,7%-дан,жиһаз және үйге қажетті заттарға - 3,5%,жуғыш және тазалағыш құралдарға - 3,2%-ды құрады. Дизель отыны 9,3%, баллондағы сұйытылған газ - 7,7%, бензин - 5,7%-ға қымбаттады", - делінген статистикада. 

Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8%, денсаулық сақтау - 5,1%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 3%, қоғамдық тамақтандыру - 2,9%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 36,5%, ішкі қалалық автобуспен - 8,9%, қалааралық - 4,4%-ға қымбаттады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен - 0,4%-ға арзандады.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,6%, орталықтан жылытуға - 7,3%,тұрғын үйді күтіп ұстауға - 6,2%, суық суға - 5,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4,8%, электрэнергиясына - 3,8%,ыстық суға - 3,6%-ға жоғарылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная