30 желтоқсан 2018 | 14:04

Қазақстанда 2018 жылы бензин мен дизель бағасы қалай өзгерді

Қазақстанда 2018 жылы АИ-92 маркалы бензин қымбаттаған жоқ, арзандады. Ал дизель отынының бағасы бензин бағасын басып озды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Кolesa.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2018 жылы АИ-92 маркалы бензин қымбаттаған жоқ, арзандады. Ал дизель отынының бағасы бензин бағасын басып озды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Кolesa.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

2018 жылы қаңтарда АИ-92 бензинінің бір литрі 157–162 теңге аралығында сатыла бастады. Сәуірге дейін бұл баға 163 теңгеге жетті. Осыдан кейін баға түсті. Желтоқсанның соңында баға 155-156 теңгеге дейін төмендеді. Салыстырайық: 2017 жылы 12 айда баға 135,8-ден 158,8 теңгеге дейін көтерілді немесе 17 пайызға қымбаттады.

Реклама
Реклама

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша бензин бағасының динамикасы.

Биыл қаңтарда дизель отыны 155-160 теңге болды. Ақпаннан бастап одан әрі көтерілді. Баға күнде өзгеріп отырды. Көктемнің басында орташа баға - 160,6 теңге, ал соңында 171,4 теңге болды. Күзде баға шарықтап, дизель АИ-98 бензинінен қымбат бағаланды.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша дизель бағасының динамикасы.

Қарашада Қазақстанда дизель акциздері түсті, бағаның көтерілу себептерінің бірі сол болған еді. Шенеуніктер осыдан кейін бағаның төмендейтінін айтқан, дегенмен олай бола қоймады. Қараша мен желтоқсанда дизель 191–194 теңгеге сатылды.

Сөйтіп, 2018 жылы 12 айда АИ-92 бензинінің орташа бағасы 158,8-ден 155,8 теңгеге түсті, яғни бензин үш теңгеге арзандады. Ал дизель отыны керісінше, қымбаттады - плюс 35,4 теңге. Қаңтарда 157,4 теңге болған баға жыл соңында 192,8 теңгеге жетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная