ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қараша 2019 | 09:50
Қазақстанда америкалық инвестициялардың көлемі бір жылда 17 пайызға өсті
Биыл бірінші жартыжылдықта АҚШ-тан келген тікелей инвестициялардың жалпы ағыны - 3 миллиард доллар. Бұл 2018 жылға (2,8 миллиард доллар) қарағанда 7 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking зерттеуіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл бірінші жартыжылдықта АҚШ-тан келген тікелей инвестициялардың жалпы ағыны - 3 миллиард доллар. Бұл 2018 жылға (2,8 миллиард доллар) қарағанда 7 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking зерттеуіне сілтеме жасап.
АҚШ Қазақстандағы ірі инвесторлардың үштігіне кіреді. 2018 жылы тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағыны 5,3 миллиард доллар. Бір жылдағы нәтиже бойынша 44,7 пайызға өскен. Соңғы 10 жылда АҚШ Қазақстан экономикасына 28 миллиард доллар инвестициялаған.
Әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, америкалық компаниялар қазақстандық нарыққа қызығушылық танытып отыр. Биыл қыркүйектегі қорытынды бойынша америкалық капиталдыңқатысуымен 382 компания, оның ішінде - 335 шағын, 19 - орта және 28 ірі компания жұмыс істеп жатыр.
Жалпы биыл маусымдағы қорытынды бойынша АҚШ-тың Қазақстанға жинақтаған инвестиция сомасы - 36 миллиард доллар (былтырға қарағанда 17 пайызға көп). Инвестицияның 94 пайызы (немесе 33,9 миллиар доллар) тау-кен өнеркәсібіне жинақталған. Былтырғы көрсеткіш - 91,6 пайыз не 28,2 миллиард доллар.
Америкалық инвесторлар үшін тағы бір маңызды сала - қаржылық және сақтандыру қызметі. Бұл сала бойынша инвестиция көлемі - 2,7 пайыз не 974,1 миллион доллар.
Үштікті аяқтайтын - кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер: 509,1 миллион доллар немесе 1,4 пайыз.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары барысында жалпы көлемі 7 миллиард доллар болатын 24 келсім шартқа қол қойылды. Инвестициялық келісімдердің көлемі- 4,3 миллиар доллар. Келісім шарт бойынша авиация және ғарыш индустриясы, ауыл шаруашылығы, көлік саласындағы жетекші америкалық компаниялармен технологиялар трансферті сияқты серіктестік салаларын қамтиды.
Показать комментарии
Читайте также