ПОДЕЛИТЬСЯ
01 тамыз 2022 | 10:10
Қазақстанда балаларды дамыту орталықтарының қызметі қымбаттады
Қазақстанда балаларды дамыту орталықтарының қызмет көрсету құны жылдық динамикада 6,2 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда балаларды дамыту орталықтарының қызмет көрсету құны жылдық динамикада 6,2 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша балалар орталықтарының қызмет көресту құны былтырғы маусыммен салыстырғанда 6,2 пайызға өсті. Бәрінен бұрын Шығыс Қазақстан облысында баға бір жылда 20,8 пайызға өскен. Антилидер үштікке Атырау (плюс 14,6 пайыз) және Қызылорда (плюс 14 пайыз) облыстары да кірген.
Ең аз өсім Павлодар облысында – 0,7 пайыз. Алматы мен Жамбыл облысында бұл қызметтердің бағасы өзгерген жоқ.
Қазақстанда бірінші тоқсанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтердің жалпы көлемі 150,7 миллиард теңге болған – плюс 31,5 пайыз.
Қызмет көрсету көлемінің басым бөлігі мемлекеттік кәсіпорындарға – 87,9 миллиард теңге, жеке компанияларға – 62,4 миллиард теңге тиесілі.
Былтырғы осы кезеңде сала бойынша қызмет көрсету көлемі 114,6 миллиард. Өңірлік тұрғыда ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілді: 21,6 миллиард теңге – бір жыл бұрынғыдан бірден 51,6 пайызға артық.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также