Қазақстанда "базалық мөлшерлеме" ұғымы заң тұрғысында бекітілді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда "базалық мөлшерлеме" ұғымы заң тұрғысында бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда "базалық мөлшерлеме" ұғымы заң тұрғысында бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк мәліметінше, Қазақстан заңнамасынан "базалық мөлшерлеме" ұғымына ауыстырылған "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі" ұғымы алып тасталды. Бұл нормалар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "базалық мөлшерлеме" ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітілді. 

Осыған байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салуда және кедендік реттеуде өсімпұл есептеу кезінде, сондай-ақ төлемдерді, бөтен ақшаны заңсыз пайдалану және мерзімі өткен сома үшін тұрақсыздық айыбын, берілген ақша сомасын индекстеуді, кеден бажын төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды индекстеуді кешіктіру кезінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда базалық мөлшерлеме қолданылады", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама