ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2022 | 10:47
Қазақстанда бір жылда бензин мен дизель отыны қаншаға қымбаттады?
Energyprom.kz сарапшылары Қазақстанда бір жылда бензин мен дизель отыны қаншаға қымбаттағанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Energyprom.kz сарапшылары Қазақстанда бір жылда бензин мен дизель отыны қаншаға қымбаттағанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, елімізде бензин үшінші жыл қатарынан қымбаттап жатыр. Мысалы, биыл мамырдың қорытындысы бойынша баға 4,7 пайызға өскен, ал дизель отынының бағасы бірден - 41,5 пайызға.
Жанар-жағармайдың жекелеген түрлерін алатын болсақ, жазғы дизель отыны бір жылда 24,6 пайызға, АИ-98 бензині 9,6 пайызға, АИ-95/96 9,1 пайызға, АИ-92 4, 2 пайызға қымбаттаған.
АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы орташа бағасы биыл мамырда литріне 178 теңге, АИ-95/96 - литріне 210 теңге, АИ-98 - литріне 232 теңге, ал жазғы дизель отыны литріне 234 теңгеден сатылған.
АИ-92 маркалы бензин Петропавлда (литріне 182 теңге), АИ-95/96 Алматыда (литріне 215 теңге), Аи-98 Қостанайда (литріне 238 теңге) қымбаттады.
Атырауда бензин бағасы арзанырақ: АИ-92 - литріне 168 теңге, АИ-95/96 - литріне 201 теңге, АИ-98 - литріне 227 теңге. Ақтауда АИ-95/96 литріне - 201 теңге, Қарағанды мен Оралда АИ-98 литріне - 227 теңге.
Жазғы дизель отыны Қостанай мен Петропавлда қымбатырақ болды (литріне 260 теңге), ал Шымкентте керісінше арзан (литріне 225 теңге).
GlobalPetrolPrices.com деректері бойынша, биыл 6 маусымында Қазақстан бензин бағасы бойынша 170 елдің ішінде 11-орынды иеленді: литріне 0,48 доллар. Дизель отыны бойынша Қазақстан 169 елдің ішінде 16-орынды иеленді: литріне 0,55 доллар.
Мамандар елімізде бензин мен дизель отынының өндірісі артып келе жатқанын баса айтады. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде мотор отынын өндіру 1,6 миллион тонна болған, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артық.
Дизель отыны өндірісі 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 1,7 миллион тоннаға жетіп, екінші жыл қатарынан өсім көрсетіп отыр, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,4 пайызға артық.
Ішкі нарықта мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу үшін Қазақстанда автомобильмен бензинді, дизель отынын, сондай-ақ басқа да мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Тыйым алты айға созылды. Кейін 2022 жылдың 21 мамырына дейін ұзартылды. Энергетика министрлігі 2022 жылдың аяғына дейін Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр.
Дизель отынының импорты бір жылда 15,3 пайызға, биыл бірінші тоқсанда 23 мың тоннаға дейін қысқарған. Экспорт бірден 6 есе, 17,6 мың тоннаға дейін төмендеді. Ішкі нарықта 2022 жылдың қаңтар-наурызда 1,2 миллион тонна дизель отыны сатылды - бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 18,3 пайызға артық.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также