ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қазан 2024 | 16:12
Қазақстанда доллар арзандады
30 қазандағы доллардың бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қазандағы доллардың бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа өлшенген бағамы 488,45 теңге болып, 2,90 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, доллардың 30 қазандағы ресми бағамы - 491,70 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 487,95 теңгеге, сатылымы 489,71 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 487,01 теңгеден сатып алынып, 491,99 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, 29 қазанда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,39 теңгеге көтеріліп, 491,70 теңге болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также