Қазақстанда доллар бағамы қандай?

Қазақстанда доллар бағамы қандай? Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,77 теңгеге көтеріліп, 467,29 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 25 маусымдағы ресми бағамы - 465,28 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 466,82 теңгеге, сатылымы 468,79 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,98 теңгеден сатып алынып, 469,03 теңгеден сатылып жатыр.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, 24 маусымда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,48 теңгеге көтеріліп, 465,28 теңге болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама