18 маусым 2024 | 16:15

Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 18 маусымдағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 18 маусымдағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,92 теңгеге көтеріліп, 457,98 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18 маусымдағы ресми бағамы - 452,92 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 458,80 теңгеге, сатылымы 461,14 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 456,97 теңгеден сатып алынып, 462,00 теңгеден сатылып жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 17 маусымда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,88 теңгеге көтеріліп, 452,92 теңге болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная