17 мамыр 2024 17:00

Қазақстанда доллар бағамы өсіп жатыр

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда доллар бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда доллар бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,42 теңгеге көтеріліп, 443,44 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 17 мамырдағы ресми бағамы - 441,58 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 444,68 теңгеге, сатылымы 445,99 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,65 теңгеден сатып алынып, 446,64 теңгеден сатылып жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 16 мамырда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,15 теңгеге көтеріліп, 441,58 теңге болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram