ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 желтоқсан 2025 16:10
Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді
Қазақстанда доллардың 17 желтоқсандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 514,31 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 4,5 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банк белгілеген 17 желтоқсандағы бағам - 519,61 теңге.
kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы:
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - 515,06 теңге;
- сату - 517,22 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - орта есеппен 512,65 теңге;
- сату - 519,63 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу