Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда доллардың 5 қыркүйектегі бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда доллардың 5 қыркүйектегі бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,54 теңгеге төмендеп, 482,94 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 5 қыркүйектегі ресми бағамы - 483,57 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 482,93 теңгеге, сатылымы 484,32 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 481,01 теңгеден сатып алынып, 485,99 теңгеден сатылып жатыр.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, 4 қыркүйекте KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,69 теңгеге көтеріліп, 483,57 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама