Қазақстанда доллардың 23 желтоқсандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 510,18 теңге болып, 4,98 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 желтоқсанға белгіленген ресми бағамы - 515,02 теңге.
kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы:
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - 511,25 теңге;
- сату - 513,58 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - орта есеппен 508,36 теңге;
- сату - 515,36 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!