ПОДЕЛИТЬСЯ
17 маусым 2024 | 17:33
Қазақстанда доллар қымбаттады
Қазақстанда 17 маусымдағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 17 маусымдағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,88 теңгеге көтеріліп, 452,92 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 17 маусымдағы ресми бағамы - 450,79 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 453,52 теңгеге, сату 455,02 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 452,01 теңгеден сатып алынып, 457,00 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 14 маусымда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 450,79 теңге болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также