ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2022 | 10:12
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады
Қазақстанда электр энергиясы жыл сайын қымбаттап келе жатыр. 2022 жылғы мамырда 8,7 пайызға дейін өскен. Былтыр электр энергиясы 7 пайызға қымбаттаған еді, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда электр энергиясы жыл сайын қымбаттап келе жатыр. 2022 жылғы мамырда 8,7 пайызға дейін өскен. Былтыр электр энергиясы 7 пайызға қымбаттаған еді, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Мамырда электр плитасы бар тұрғындарға тарифтер бірінші деңгейде сағатына 100 киловаттқа 1456 теңге, екінші деңгейде 1891 теңге, үшінші деңгейде 2354 теңге болған еді. Электр плитасы жоқ халық үшін тариф 100 киловаттқа сәйкесінше 1479, 1907 және 2376 теңге болды.
Қаңтар-сәуірде электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 40 миллиард киловатт болған, бұл былтырмен салыстырғанда 0,4 пайызға аз. Бұл ретте өндіріс көлемі бойынша Павлодар облысына бүкіл Қазақстанның 42,6 пайызы сәйкес келеді.
KOREM операторының мәліметтері бойынша, қаңтар-наурызда сағатына 30,7 миллиард киловатт электр энергиясы өндірілген, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,2 пайызға көп.
Бір жыл ішінде электр энергиясын тұтыну 1,3 пайызға артып, 2022 жылғы қаңтар-наурызда сағатына 30,4 миллиард киловатт болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также