09 қазан 2018 | 14:48

Қазақстанда ет қымбаттады

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ет қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ет қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2017 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда ірі қара мал етінің бағасы 3,4 пайызға көтерілген. Жылқы еті 2,7 пайызға қымбаттаған. Қой мен шошқа етінің бағасы 1,7 пайызға артты. Ал құс еті 9,5 пайызға арзандады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, жұмыртқа арзандады - 12,3 пайызға. Сүт 1,2 пайызға, бал 0,5 пайызға қымбаттады.

Сондай-ақ, көкөніс қымбаттады. Қырыққабат - 1,8, қызылша 0,5 пайызға қымбаттады, ал картоп - 8,3, пияз - 5,4, сәбіз - 5, қызанақ - 4,9, қияр 2,4 пайызға арзандады. Бақша дақылдары 6,3 пайызға қымбаттаған, жүзім - 5,8, күнбағыс тұқымы 2,2 пайызға қымбаттап, жеміс-жидек 9 пайызға арзандады.

Еске сала кетейік, қыркүйекте қанттың қымбаттағаны хабарланған еді. Алматының бірнеше базарында қант келісінің бағасы 250-ден 280 теңгеге дейін көтерілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная