ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2021 | 09:49
Қазақстанда ет қымбаттады
Қазақстанда биылғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда биылғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Қой еті 14,6 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ, жылқы еті бағасының едәуір өсуі байқалды - 9,4 пайыз. Сиыр еті 7,8 пайызға, құс еті 3,2 пайызға қымбаттаған.
Тамызда дүкендер мен базарларда сиыр етінің бағасы бір келісі үшін орташа алғанда 2,2 мың теңге шегінде құбылып отырды. Жылқы етінің құны бір келісі үшін 2,5 мың, қой еті - 2,4 мың теңге.
Статистикаға сүйенсек, қаңтар-тамызда ет өндірісі 43 мың тонна болды, бұл былтырғы 8 айдағы көрсеткіштен 4,6 пайызға аз. Құс етін өндіру, керісінше, 4,3 пайызға артып, 71,6 мың тоннаға жетті.
Сондай-ақ, бағаның қымбаттауынан кейін елде ет тұтыну азайған. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қой етін тұтыну жан басына шаққанда 10,6 пайызға - 2,5 келіге дейін, тауық етін тұтыну 4,4 пайызға - 2,2 келіге дейін қысқарған. Сонымен бірге сиыр етін тұтыну тіпті жан басына шаққандағы орташа есеппен 0,9 пайызға 11,8 келіге дейін өсті.
Бұған дейін Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жыл ішінде 11 пайызға өскені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также