17 тамыз 2020 11:11

Қазақстанда инвестициялық алтын монета шығарылды

Фото: Қазақстанның ұлттық банкінің баспасөз қызметі

17 тамызда елімізде Altyn barys және Kúmis barys инвестициялық монеталары айналымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 тамызда елімізде Altyn barys және Kúmis barys инвестициялық монеталары айналымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 17 тамызында ұлттық банк 10, 20, 50, 100 және 200 және 500 теңге номиналдарындағы алтыннан және 1, 2, 5 және 10 теңге номиналдарындағы күмістен "2020 жылы соғылған Altyn barys және Kúmis barys инвестициялық монеталарын айналымға шығарады. Altyn barys және Kúmis barys инвестициялық монеталарының дизайнында монеталардағы жазулар өзгертіліп, мүсіндік бейнелер жақсартылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Инвестициялық монеталар - 999,9 жоғары сынамалы сапасы жоғары алтын және күміс монеталар. Оларды айналымға шығарудың негізгі мақсаты - қаражатты инвестициялау және жинақтау.

 

 

Бүгінгі таңда инвестициялық монеталардың бірнеше ірі брендтері бар - "Крюгерранд" (Оңтүстік Африка), "Америкалық бүркіт" (АҚШ), "Вена филармониясы" (Австрия), "Панда" (Қытай), "Үйеңкі жапырағы" (Канада).

Қазақстанның алғашқы инвестициялық "Жібек жолы" монеталары 1996 жылы айналымға шығарылды. 2009 жылдан бастап дизайнының өзгеруіне байланысты түрлі салмақ сипаттамалары бар "Алтын барыс" және "Күміс Барыс" инвестициялық монеталары шығарыла бастады.

 

 

 

Инвестициялық монеталардың ерекшеліктері:

шектелмеген таралымдар;
proof технологиясы қолданылмастан дайындалады;
монета жасалған металдың құны мен салмағына байланысты кіріс алу.

"Ұлттық Банк Сату және сатып алу ережелеріне1 сәйкес сатып алу монетадағы металдың салмағы бойынша есептелетіндіктен жағдайына (сызаттар, патина және т.б.) қарамастан кері сатып алуға қабылдайды;

қосылған құнына салық салынбайды.

Altyn barys және Kúmis barys инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Оларды Қазақстан ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалынан әрі www.nationalbank.kz сайтындағы интернет-дүкеннен сатып алуға болады", - делінген банк хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram