05 мамыр 2021 | 16:04

Қазақстанда инвестициялық алтын монеталарды сату басталады

6 мамырда Ұлттық банк 2021 жылғы Altyn Barys инвестициялық алтын монеталарды сатуды бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

6 мамырда Ұлттық банк 2021 жылғы Altyn Barys инвестициялық алтын монеталарды сатуды бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Altyn Barys инвестициялық монеталары - 999,9 жоғары сынамалы сапасы жоғары алтыннан жасалған. Оларды Ұлттық Банктің интернет-дүкені сайтынан сатып алуға болады. Ол үшін пайдаланушылар тіркеуден өтіп, жеке кабинет құруы керек.

Реклама
Реклама

 

"Инвестициялық монеталардың ерекшелігі - жасалған металл құны мен салмағына байланысты табыс алу мүмкіндігінде. Сондай-ақ, ережеге сәйкес Ұлттық банк инвестмонеттерді қайта сатып алуға қабылдайды және баға монетадағы металдың салмағы бойынша есептеледі", - деді Ұлттық Банк өкілдері.

Барлық номиналдағы инвестициялық монета олардың белгіленген құны бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк есепшоттарына салу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті. Қазақстандағы барлық банкте шектеусіз ауыстырылады және айырбасталады.

Монеталар Қазақстанда дайындалған.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная