ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2022 | 10:31
Қазақстанда жыл басынан бері мұнай экспорты өсті
Жыл басынан бері қазақстандық мұнай экспорты былтырғымен салыстырғанда 12 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жыл басынан бері қазақстандық мұнай экспорты былтырғымен салыстырғанда 12 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда биылғы қаңтар-мамырда битумды минералдардан алынған шикі мұнай өндіру былтырғымен салыстырғанда 5,5 пайызға өсіп, 31,9 миллион тонна болған.
ОПЕК+ елдерінің келісімі бойынша тамызда мұнай өндіру тәулігіне 0,648 миллион баррельге дейін артады. Бұл ретте Қазақстанның міндеттемесі тәулігіне 1,706 миллион баррель болады.
Биыл бірінші жартыжылдықта мұнай экспорты да өскен. 2022 жылдың қаңтар-мамырында 30,2 миллион тонна шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері экспортталды, бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайызға артық. Бұл көлемнің жартысы Италияға (8,3 миллион тонна), Нидерландыға (3,3 миллион тонна), Оңтүстік Кореяға (2,5 миллион тонна) және Қытайға (2,2 миллион тонна) жөнелтілген.
Биылғы маусым мен шілденің басында Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы шетелге жеткізуде проблемалар туындады. Елімізде мұнай жеткізуді әртараптандыру мәселесі қазірдің өзінде қолға алынған. Ақорда мәліметінше, басым бағыт – Транскаспий бағыты.
Биыл қаңтар-мамырда былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай мен битумды минералдардан алынған шикі мұнай өнімдерін жеткізудің экспорттық бағасы 58,4 пайызға өсті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также