01 наурыз 2017 | 18:46

Қазақстанда жыл басынан бері тауар мен қызмет бағалары қалай өзгерді?

© dailynews.kz

2017 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда инфляция 1,8 пайыз болды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2017 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда инфляция 1,8 пайыз болды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтуларынша, баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2017 жылғы ақпан 2016 жылғы желтоқсанға) 2,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 1,3 пайыз, ақылы қызметтерге - 1,2 пайызға өскен.

Реклама
Реклама

Осы жылдың басынан (2017 жылғы ақпан 2016 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 15 пайыз, жаңадан жиналған көкөністерге - 13,9 пайыз, сиір етіне - 5,3 пайыз, сары майға - 4,3 пайыз, қой етіне - 4,2 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге - 3,3 пайыз, жылқы етіне - 2,7 пайыз, мәйекті ірімшікке - 2,2 пайызға, косервіленген сүтке, нанға - 2,1 пайыздан белгіленді. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 4,7 пайыз, қантқа - 3,2 пайыз, қарақұмық жармасына - 1 пайызға тіркелді.

Ал автомобильдерге баға өсімі 2,2 пайыз, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 2 пайызға, фармацевтикалық өнімдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 1,4 пайыздан, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына - 1,3 пайызға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына, жеке қолданатын тауарларға - 1,2 пайыздан, тұрмыстық аспаптарға - 1 пайызды құрады. Бензин 4,3 пайыз, баллондағы сұйытылған газ - 4,2 пайызға қымбаттады.

"Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7 пайыз, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8 пайыз, денсаулық сақтау - 2,3 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 1,4 пайызға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 2,7 пайызға қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен - 9,1 пайыз, темір жол көлігімен - 0,3 пайызға арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 6,8 пайыз, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4,2 пайыз, орталықтан жылытуға -2,4 пайызға, электр энергиясына, ыстық суға - 2,3 пайыздан, суық суға -2,2 пайызға жоғарылады", - делінген ведомство хабарында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная