07 ақпан 2020 10:39

Қазақстанда күнкөріс деңгейі өсті

© Тұрар Қазанғапов

Бір жылда Қазақстанда күнкөріс деңгейі 11,6 пайызға өсіп, 30 мың теңгеге жетті, - деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір жылда Қазақстанда күнкөріс деңгейі 11,6 пайызға өсіп, 30 мың теңгеге жетті, - деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.

Сарапшылардың мәліметінше, былтыр бұл көрсеткіш 26,9 мың теңге болған.

Реклама
Реклама

"Қаңтарда тауар мен қызмет түрлерінің бағасы 5,6 пайызға өсті. Азық-түлік тауарлары 9,2 пайызға қымбаттаса, қызмет түрлері 1,4 пайызға қымбаттады. Ең жоғарғы күнкөріс деңгейі - 35, 4 мың теңге. Ол Маңғыстау облысында. Бұдан бөлек, үштікке Нұр-Сұлтан (33,5 мың теңге) мен Алматы (33,1 мың теңге) қалалары кірді", - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, бұл тізімде Алматы мен Түркістан облысы бар - 30,7 мың теңге және 30,3 мың теңге.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі, сарапшылардың зерттеуінше, Павлодар (26,3 мың теңге), Батыс Қазақстан (26,9 мың теңге) және Ақтөбе (27,2 мың теңге) облыстарында.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram