06 қазан 2022 12:45

Қазақстанда ірі криптовалюта биржасына лицензия берілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:facebook.com/binance

Binance криптовалюта биржасы ХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) компанияға "Астана" Халықаралық қаржы орталығында цифрлық активтер платформасын басқару және кастодиандық қызметтер көрсету бойынша лицензия бергенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрақты лицензия Қазақстандағы компанияға сәйкестік пен қауіпсіздікті бақылау құралдары бар реттелетін платформа мәртебесін беретіні атап өтілді.

"Биржа айырбастау және конвертация, фиат валюталарын енгізу және шығару, криптовалюта активтерін сақтау және биржа сауда қызметтерін ұсына алады. Сайтта кез келген елден келген жеке және заңды тұлғалар үшін тіркеу қолжетімді болады. Биржаның қызметтері мен қызмет ауқымы үнемі кеңейіп отырады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram