21 қазан 2019 | 11:53

Қазақстанда шай өндіру көрсеткіші 10 пайызға төмендеді

Елімізде шай бағасы жыл ішіне 6 пайызға қымбаттағанымен, ішкі нарықта шайдың сатылымы 1,5 пайызға артып отыр. Бұл туралы Елорда Инфо Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде шай бағасы жыл ішіне 6 пайызға қымбаттағанымен, ішкі нарықта шайдың сатылымы 1,5 пайызға артып отыр. Бұл туралы Елорда Инфо Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда қайта өңделген шай мен кофе өндірісі көрсеткіші төмендеп келеді. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 11,5 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4 пайызға төмен.

Реклама
Реклама

7 айда импортталған кофе мен шай 25 мың тоннаға тең. Өзіндік өндіріс сұраныстың 26,3 пайыз ғана қанағаттандырды. Ішкі нарықта шай мен кофенің сатылымы 93,7 пайыз, немесе 31,8 мың тонна. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 пайыз жоғары.  

Сатылым көрсеткішінің артуы бағаның қымбаттауымен қатар келді. Биылғы жылдың қыркүйек айында қара шайдың бағасы 5,8 пайыз қымбаттап, келісі 3054,8 теңгеге жетті. Шай бағасының қымбаттауы бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Онда шай бағасы 3390 теңге, ал Қостанайда 3282 теңге болды.

Қазақстанға негізінен шай Кениядан (9 мың тонна), Үндістаннан (7,1 мың тонна) және Ресейден (2,4 мың тонна) жеткізіледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная