05 қыркүйек 2016 | 12:43

Қазақстанда шырын айтарлықтай қымбаттады

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Қазақстанда шырындардың, консервіленген көкөністер мен жаңғақтардың бағасы өсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда шырындардың, консервіленген көкөністер мен жаңғақтардың бағасы өсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, шырын бағасы бір жыл ішінде 17,7 пайызға, консервіленген көкөністердің бағасы 26,6 пайызға, ал жаңғақтардың бағасы 58,5 пайызға дейін қымбаттаған.

Реклама
Реклама

 

Салыстыратын болсақ, 2015 жылдың шілде айында шырынның бағасы 9,7 пайызға, консервіленген көкөністердің бағасы 8,9 пайызға және жаңғақтардың бағасы 12 пайызда дейін көтерілген болатын.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде арақтың қымбаттағаны жайлы айтылған болатын. Тамыз айында арақ бағасы орташа есеппен алғанда бір жылдың ішінде 19,5 пайызға өскен. Шамамен ең жоғары баға қойып отырған қалалар мен мегаполистердің ішінде Астана көш бастап тұр - орта есеппен алғанда бір литр 2654 теңгені құрайды, яғни 23,1 пайызға өскен. Шымкентте арақтың бір литрі 2481 теңгені құрап, 9,4 пайызға өскен. Осы тізімде ең арзан болып саналатын Талдықорған қаласы, онда бір литр 1727 теңгені құрап, 5,6 пайызға өскен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная