19 маусым 2024 12:05

Қазақстанда теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы айтылды

Фото:depositphotos.com

19 маусымда таңертең Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамдары белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 маусымда таңертең Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамдары белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Доллардың 19 маусымдағы бағамы

11:10-дағы жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық доллар 462,00 теңгеге сатылып, 456,97 теңгеге сатып алынады. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың бағамы сату үшін – 462,52 теңге, сатып алу – 460,22 теңге.

Реклама
Реклама

18 маусымда Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 457,97 теңгеге сатылып, 452,97 теңгеге сатып алынды. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың бағамы сату үшін – 456,43 теңге, сатып алу – 452,96 теңге болды.

Еуроның 19 маусымдағы бағамы

Астанадағы ақша айырбастау орындарында еуро 495,03 теңгеден сатылып, 489,00 теңгеден сатып алынды. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде сату – 495,24 теңге, сатып алу – 491,30 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде 18 маусымда еуро 490,94 теңгеден сатылып, 484,92 теңгеден сатып алынды. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде сату – 491,29 теңге, сатып алу – 487,79 теңге болды.

Рубльдің 19 маусымдағы бағамы

Астанадағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,35 теңгеден сатылып, 5,19 теңгеден сатып алынады. Алматыда рубль 5,32 теңгеден сатылып, 5,18 теңгеден сатып алынады.

18 маусымда Астанадағы ақша айырбастау орындарында рубль 5,15 теңгеден сатылып, 5,00 теңгеден сатып алынды. Алматыда рубль 5,13-тен сатылып, 5,00-ден сатып алынды.

Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми бағамы:

  • 1 доллар – 457,98 теңге.
  • 1 еуро – 490,86 теңге.
  • 1 рубль – 5,26 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram