15 тамыз 2016 17:57

Қазақстандағы базалық мөлшерлеме бұрынғы 13 пайыз деңгейінде қалды - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Базалық пайыздық мөлшерлеме +/-1 пайыздық дәліз ауқымымен бұрынғы 13 пайыз деңгейінде сақталды. Өтімділікті беру операциялары және өтімділікті алу операциялары бойынша мөлшерлемелер өзгерген жоқ және тиісінше 14 пайызды және 12 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Базалық пайыздық мөлшерлеме +/-1 пайыздық дәліз ауқымымен бұрынғы 13 пайыз деңгейінде сақталды. Өтімділікті беру операциялары және өтімділікті алу операциялары бойынша мөлшерлемелер өзгерген жоқ және тиісінше 14 пайызды және 12 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша ахуалды барабар бағалау және одан кейінгі шешімдер қабылдау мақсатында қалыптасып отырған іс жүзіндегі инфляция және халықтың және нарыққа қатысушылардың инфляциялық күтулері бойынша деректерді үздіксіз қадағалауда, - деп атап өтті Ақышев. - Шілдеде инфляциялық процестер тәуекелдерінің теңгерімі базалық мөлшерлеменің алдыңғы өзгеру кезеңімен салыстырғанда іс жүзінде өзгерген жоқ, алайда жекелеген факторлардың инфляцияның ықтимал жылдамдауына әсері нығайды".

Оның айтуынша, жылдық көрсетудегі инфляция 2015 жылғы қазандағы инфляцияның күрт өсуін ескеретін статистикалық есептердің нәтижесін  көрсете отырып, 2016 жылғы 4-ші тоқсанда едәуір төмендейді.

"Халықтың инфляциялық күтулері қалыпты болып қалуда, алайда 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда шамалы өсуді көрсетіп отыр", - деді Ақышев.

Бұдан басқа, Ақышев инфляциялық қысымның күшею тәуекелі болуы мүмкін іскерлік белсенділіктің біртіндеп қалпына келуінің алғашқы белгілерін атап өтті.

Оның айтуынша, ақша-кредит жағдайлары инфляцияға тежеуші әсер етуде. Олардың 2016 жылғы шілдеде жұмсаруына қарамастан, базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі теңгедегі құралдардың тартымдылығын сақтауға ықпал етеді және халықтың жинақтаушы іс-қимылын ынталандырады, бұл әлсіз тұтынушылық сұраныспен қатар инфляциялық тәуекелдердің өсуін шектейді.

Қазақстандағы базалық мөлшерлеменің 11 шілдеде +/-1 пайыздық дәліз ауқымын сақтай отырып 15 пайыздан 13 пайызға дейін төмендетілгенін еске салайық. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 3 қазанда Астана қаласының уақыты бойынша 17.00-сағатта жария етілетін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети