01 ақпан 2022 | 11:08

Қазақстандағы ет едәуір қымбат қалалар аталды

Қазақстандағы ет ең қымбат қалалар аталды. Сарапшылардың айтуынша, ет пен құс еті екі ірі қалада едәуір қымбат екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ет ең қымбат қалалар аталды. Сарапшылардың айтуынша, ет пен құс еті екі ірі қалада едәуір қымбат екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтардың аяғында Қазақстанда сүйекті сиыр еті бөлшек саудада келісіне 2 236 теңгеге, қой еті 2 418 теңгеге, жылқы еті 2 603 теңгеге қымбаттаған. Тауық етінің келісі 1075 теңге.

Реклама
Реклама

Өңірлер арасында жыл басында ет бағасы Алматы мен Нұр-Сұлтанда едәуір жоғары белгіленген. Елордада сиыр етінің орташа бағасы 2 506 теңге, қой еті - 2987 теңге, жылқы еті - 3015 теңге, тауық етінің келісі 1208 теңгеге жетті. Алматыда сиыр еті орташа есеппен 2 325 теңге, қой еті 2 920, жылқы еті 2 939 теңгеден сатылып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, Алматы әкімдігі уәде еткен келісі 2 050 теңге ет, БАҚ мәліметінше, іс жүзінде табылмай тұр. Себебі ол сөрелерге шыққан кезде, бірнеше сағаттың ішінде сатылып кетеді.

Былтыр ет пен құс етінің бағасы, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6 пайызға қымбаттаған. Ет бәрінен бұрын Маңғыстау облысында бірден 14 пайызға қымбаттаған. Алматы мен елордада ет пен құс етінің бағасы тиісінше 8 және 8,2 пайызға қымбаттады, ал ең аз өсім Қызылорда облысында (5,4 пайызға) тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram