ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2023 | 10:02
Қазақстандағы кафе және мейрамханалар бағаны тағы 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, қазақстандық дәмханалар мен мейрамханалардағы баға бір жылда 25 пайызға өскен. Қоғамдық тамақтандыру орындарының иелері азық-түлік бағасының тез өсуіне және қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттілігіне байланысты баға белгілерін қайта жазуға уәде беріп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыстардың негізгі баптары бірінші кезекте өнім сатып алу, қызметкерлердің жалақысы, жалға алу және коммуналдық төлемдер. Әрине, қазір өнім кем дегенде 30-50 пайызға қымбаттады. Бізде ет көп. Өнімдердің барлығында дерлік, барлық ас мәзірінде ет бар", - деп түсіндірді қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының құрылтайшысы Сұлушаш Тұяқова.
Оның айтуынша, инфляция қарқынын ескерсек, қоғамдық тамақтану орындарындағы баға тағы 10 пайызға өсуі мүмкін.
Бір күн бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының кейінгі 15 жылда болмаған қымбаттауын айтты. Ақпанда инфляция жылдық шарықтау шегіне жетіп, 21 пайыздан асты. Қазір адамдар айлық табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также