29 маусым 2021 09:37

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша жұмсайтыны есептелді

Фото: Tengrinews.kz

Халықтың азық-түлік шығындары бір жылда шамамен алты пайызға көбейді, - деп хабарлайды finprom.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықтың азық-түлік шығындары бір жылда шамамен алты пайызға көбейді, - деп хабарлайды finprom.kz.

Былтырмен салыстырғанда қазақстандықтар алкоголь өнімдеріне ақша аз жұмсаған. 2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың азық-түлік шығыны адам басына 96,7 мың теңге болған. Аймақтар бойынша бірінші отырда Алматы - 127,2 мың теңге. Екінші орында 117,1 мың теңге көрсеткішпен Павлодар облысы болса, үшінші орында ШҚО - адам басына 116,5 мың теңге. 

Айта кетейік, 17 аймақтың үшеуінде былтырмен салыстырғанда азық-түлік тауарларына шығындардың қысқаруы байқалған, олар: СҚО, АҚмола облыстары мен Алматы қаласы. 

Реклама
Реклама

Сектордағы шығыстардың басым бөлігі тікелей азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындарға тиесілі: 90,2 мың теңге. Темекңі өнімдері - 2,6 мың теңге, 2,4 мың теңге үйден тыс тамақтануға кеткен. 

Азық-түлік тауарлары мен алкогольсыз сусындар категориясы бойынша, шығынның үштен бірі ет және ет өнімдеріне кеткен: 31,2 мың теңге. Сонымен қатар, нан, жарма және сүт өнімдері де бар.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram