ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2018 | 09:24
Қазақстанға бензин экспорттауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойылды
Қазақстан мен Ресей өкілдері елімізге бензин экспорттауға рұқсат беретін хаттамаға қол қойды. Кеше, сәрсенбіде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей энергетика министрі Александр Новак құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан мен Ресей өкілдері елімізге бензин экспорттауға рұқсат беретін хаттамаға қол қойды. Кеше, сәрсенбіде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей энергетика министрі Александр Новак құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлер хаттамаға екі елдің үкіметінің мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгертулер енгізіп, хаттамаға қол қойып бекітті. Бұл өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізу қызметін реттеп, ал Қазақстан аумағынан Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағында халықаралық деңгейде мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.
Осылайша, Қазақстан мұнай өнімдерінің белгілі бір түрлерін экспорттау немесе импорттау мәселесін жылдамырақ шеше алатын болды. Қазіргі уақытта Қазақстанда ақшыл мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған еді. Алайда қол қойылған құжат Қазақстанға ақшыл мұнай өнімдерін де экспорттауға мүмкіндік береді.
РИА Новости мәліметінше, "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Тиесов осыған дейін Қазақстанның күзден бастап Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға бензин жеткізетінін айтқан еді. Жыл соңына дейін 400 мың тонна бензин экспорттау жоспарланып отыр, ал 2019 жылы экспорттың көлемі 1-1,2 миллион тоннаға жетуі мүмкін.
Кейінірек Бозымбаев бастапқыда Ресеймен екіжақты келісімшартты өзгерту қажеттігін айтқан еді.
Показать комментарии
Читайте также