05 наурыз 2022 | 11:04

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығы импортқа айтарлықтай тәуелді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығы импортқа тәуелді. Бұл ретте елімізге ТМД елдері арасында негізгі дәрі-дәрмек жеткізушілер - Ресей, Украина және Беларусь. Былтыр Қазақстанға импортталған дәрі-дәрмек көлемінің үштен бірінен астамы Ресейдің үлесіне тиді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығы импортқа тәуелді. Бұл ретте елімізге ТМД елдері арасында негізгі дәрі-дәрмек жеткізушілер - Ресей, Украина және Беларусь. Былтыр Қазақстанға импортталған дәрі-дәрмек көлемінің үштен бірінен астамы Ресейдің үлесіне тиді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл қаңтарда Қазақстанда фармацевтикалық өнімдерді өндіру көлемі 11,1 миллиард теңге болды. Былтыр қаңтарымен салыстырғанда бұл 13 пайызға артық. Дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі ақшалай түрде 13,8 пайызға өсіп, 9,8 миллиард теңгеге жетті.

Реклама
Реклама

2022 жылдың қаңтарында фармацевтикалық өнімдердің бағасы былтырғымен салыстырғанда 3,3 пайызға өсті, бұл бір жыл бұрынғыдан айтарлықтай аз. Соңғы бір жылда "Хилак форте" (бірден 42,1 пайызға), ацикловир (12,3 пайызға), "Эссенциале форте Н" (11,4 пайызға) бағасы айтарлықтай өсті.

Сонымен қатар, қазақстандық нарық негізінен импорттық дәрілерге тәуелді. Импорттық антибиотиктер үлесі 2021 жылы 85,2 пайыз, провитаминдер, витаминдер мен олардың туындыларының импорты 100 пайыз жуық.

2021 жылы Қазақстанға 1,1 миллиард долларға 21,7 мың тонна дәрі әкелінді. Оның үштен бірінен астамы Ресейден импортталды – 7,5 мың тонна, 92,7 мтллион ​​долларға (ақшалай алғанда жалпы импорттың 8,3 пайызы).

2021 жылы Украинадан 22,4 миллион долларға 879 тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Беларусь 13,3 миллион долларға 863,8 тонна дәрі-дәрмек импорттады. Сарапшылар қазір үш ел де Украинадағы қарулы қақтығыспен тығыз байланысты және бұл Қазақстанға дәрі-дәрмек импортына оң әсер ете қоймайтынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная