23 ақпан 2017 | 19:41

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" Аи-92 бензині 156 теңге болады деген құжатқа қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желілерде төлем мерзімін кейінге қалдырған жағдайда АИ-92 бензині 2017 жылдың соңына дейін 156,2 теңге болады деп таралып жатқан құжаттың суреті мұнай өнімдеріне қойылған бағаның коммерциялық ұсынысының көшірмесі болып шықты. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз Өнімдері"баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде төлем мерзімін кейінге қалдырған жағдайда АИ-92 бензині 2017 жылдың соңына дейін 156,2 теңге болады деп таралып жатқан құжаттың суреті мұнай өнімдеріне қойылған бағаның коммерциялық ұсынысының көшірмесі болып шықты. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз Өнімдері"баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

Реклама
Реклама

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" өкілдері мұндай бағалар көрсетілген коммерциялық ұсыныстардың сатып алушылар сұраныс білдірген компания қызметкерлеріне жіберілетінін айтты. "Коммерциялық ұсыныстарда көрсетілген мұнай өнімдерінің бағасы ішкі нормативтік құжат негізінде жасалған. Құжаттағы мұнай бағасын реттеу ережелеріне сәйкес, мұнай бағасы мұнай өнімдерін сатып алғандағы төлем түріне байланысты есептеледі", - деді компаниядағылар.

"Жоғары айтылған түсініктемелердің негізінде біз бүгінде сатып алушыларға мұнай өнімдерін карта жүйесі арқылы форвардтық бағамен мына мерзімге дейін алуға мүмкіндік береміз: 2017 жылдың 31 наурызына дейін немесе форвардтық баға бойынша - 6,9,12 ай мерзімдге дейін. Бағалар құжатта көрсетілген", -деді компаниядағылар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная