Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"ҚазМұнайГаздың" табысы артып келеді

25 Ақпан 2014, 17:13
0
Сауат Мыңбаев
Сауат Мыңбаев
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК табысы 24, мұнай өндіру көлемі 6 пайызға артты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ҰК алқа мәжілісінде басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев компанияның табысының еселеніп келе жатқанын алға тартты.

"2013 жылдың жұмыс нәтидесі бойынша компанияның табыс мөлшері 24 пайызға көбейіп, 456,8 млрд. теңгеге жетті. Сондай-ақ, мұнай мен мұнай конденсатын өндіру көлемі 22,6 млн тоннаға жетіп отыр. Яғни, бұл алты пайызға артқанын көрсететеді", - деді С.Мыңбаев.

Оның айтуынша, 2012 жылға қарағанда газ өндіру 2,929 млрд текше метрге артып, өсу деңгейі 12 пайызды құраған. Ал "ҚазТрансОйлдың" мұнай тасымалдау жұмысы 67,2 млн. тоннаға жетіп, газ тасымалдау жұмысы 2013 жылы 110,135 млрд текше метр шамасында болды.

"Былтыр компания республикалық бюджетке 622 млрд. теңге мөлшерінде салық пен төлем аударды. Алдыңғы жылы бұл сома 599 млрд. теңгені құраған болатын", - деді Сауат Мыңбаев алқа мәжілісінде.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай