Келімбетов БЖЗҚ-дағы жаңа қызметі жайлы: Үкімет маған өтініш жасады

Қайрат Келімбетов. © Тұрар Қазанғапов

"Астана" халы?аралы? ?аржы орталы?ыны? басшысы ?айрат Келімбетов Біры??ай жина?таушы зейнета?ы ?орыны? директорлар ке?есіні? м?шелігіне ?абылдануына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің мүшелігіне қабылдануына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен неге директорлар кеңесінің мүшесі болдым? Себебі осы процестің бір бөлігі болдым және қайта құрылымдау бойынша процестің бөлшегімін. Осы жұмыста тәжірибесі бар адамдар Қазақстанда көп емес. Сондықтан үкімет маған өтініш жасады", - деді Қайрат Келімбетов Астана экономикалық форумында журналистердің сұрағына жауап беруі кезінде.

Айтуынша, БЖЗҚ айналасындағы дауға байланысты шыққан қоғамның алаңдауы енді басылады. 

Реклама
Реклама

"Барлық қаражат (БЖЗҚ сәтсіз инвестиция құйған - Авт.) толық көлемде қайтарылады. Үкіметтің бүгінгі ұстанымы осындай", - деді ол.

Ұлттық банктің бұрынғы басшысы, қазіргі "Астана" халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов жаңа қызметке келген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама