21 ақпан 2014 17:59

Коммуналдық қызмет көрсету бағасы көтерілмейді

иллюстрация ©Алаш айнасы

Қызылордада коммуналдық қызмет көрсету бағалары көтерілмейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, әзірге оларға мұндай мазмұндағы ешқандай өтінім келіп түспепті. Олар тариф тек Үкімет ұсынған инфляция дәлізіндегі жоспарға сәйкес өзгеретінін айтады. Мемлекеттік тұрғыдан реттелетін қызметке жанармайдың бөлшек саудасы жатқызылады. Бүгінгі таңда облыста оларға шекті баға белгіленген. Атап айтқанда, бір литр АИ-80 – 89, АИ– 92/93 – 115 теңгеден сатылуы тиіс. Сондай-ақ, дизель отынының бір литрі – 102 теңгеден болуы бақыланады. Бағаны шектен асырғандарға қомақты айыппұл салынатын болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram