10 маусым 2021 | 11:42

Құрылыс материалдары неге қымбаттағаны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды primeminister.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады.

"Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылғы қаңтар-мамырда бастапқы тұрғын үй бағасының өсуі 8 пайыз, ескі тұрғын үй бағасының өсуі 13 пайыз болды. Отандық құрылыс материалдары бағасының өсімі биылғы қаңтар-сәуірде 16 пайыз болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚазҚСҒЗИ) деректері бойынша, жыл басынан бері бетонға (12 пайыз), цементке (5 пайыз), полиэтиленді құбырларға (10 пайыз), силикатты кірпішке (6 пайыз) бағаның өсуі байқалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құрылыс материалдары нарығына қатысушылар мәліметі бойынша,  2021 жылғы қаңтардан бастап баға өсуінің негізгі себептері электр энергиясының, жанар-жағармай мен магистральдық теміржол желісі қызметінің қымбаттауынан болған.

"Құрылыс материалдары бағасының алыпсатарлық өсуімен күресу мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кірпіш, цемент, арматура, қиыршық тас, полиэтилен құбырларын өндірушілер мен жеткізушілерге заңсыздық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеті туралы 26 хабарлама жіберді.  Нарық қатысушыларына бағалық әсер ету үшін 10 құрылыс материалдарын өндірушімен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау туралы комплаенстар жасалды", - деді ведомство өкілі.

Тұрғын үй құнының өсуіне құрылыс материалдары бағасының өсуі ғана емес, сондай-ақ сұраныстың артуы да әсер етті. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жыл басынан бері жасалған келісімдер саны былтырғымен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тұрғын үй нарығында дүрлігу мен бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 14 құрылыс компаниясына бағаны төмендету туралы хабарлама жіберілді.

"Құрылыстың жоғары қарқыны құрылыстағы барлық шығынның үлесі шамамен 50 пайызды құрайтын құрылыс материалдарына қажеттілікті ұлғайтады. Осыған орай бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және нарықта қатаң бақылауды қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау өте маңызды", - деді Мамин.

Премьер-министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілер арасында ұзақ мерзімді сатып алу келісімшарттарын жасау мүмкіндігін пысықтауды, құрылыс саласында импорт алмастыру бойынша жоспарланған жобаларды уақытында іске қосуды қамтамасыз ету тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная