11 қазан 2022 | 11:48

Министр Қазақстанда нанның қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстандағы нан бағасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстандағы нан бағасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"4 қазанда нан 11,9 пайызға қымбаттады. Бәріңіз білесіздер, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаңтардан қыркүйекке дейін арзандатылған астық жеткізді. Қазаннан бастап жыл аяғына дейін өңірлер жаңа егінге қатысты баға қояды", - деді министр кулуарда журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Қарашөкеев нан бірнеше себеппен қымбаттауы мүмкін екенін түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Компоненттер, электр энергиясы қымбаттап жатыр, коммуналдық қызметтер. Сондықтан, жалпы бағаның өсуі бар, оны көріп отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдаймыз. Жалпы, бағаның шарықтауына негіз жоқ. Өйткені ұн былтырғымен салыстырғанда көбірек өндіріледі, бидай көп, тіпті орташа жылдық өнімнен де жоғары. Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы -  бидай. Бар қорларды ескере отырып, барлық әлеуметтік маңызы бар өнім, оның ішінде әлеуметтік ұн бағасын толығымен сақтаймыз", - деп түсіндірді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная