07 ақпан 2020 10:16

Министрлік нарыққа қазақстандық алманы қайтарады

© vistanews.ru

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 жыл ішінде шетелден импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдерге алмастыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомство мәліметінше, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінен Қазақстан өзін 80 пайызға қамтамасыз етеді, ал кейбірінен тіпті артықшылық бар. Тек алты тауар, олар: алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті бойынша импорт тәуелділігі сақталған дейді.

Реклама
Реклама

"Ағымдағы жылы жылына 105 мың тонна сүт өндіретін 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуатылығы 73 мың тонналық 8 құс фабрикасы салынады, 2 мың гектарға бақ отырғызу жоспарланған, Сондай-ақ, Жамбыл және Павлодар облыстарында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауытының құрылысы басталды. Сонымен қатар, қолданыстағы үш қант зауыты жаңғыртылады", -делінген министрліктіңи хабарламасында.

Министрліктегілердің айтуынша, мұның барлығы 2024 жылға қарай елдің ішкі нарығын отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram