15 наурыз 2022 | 17:38

Мұнай бағасы 1 наурыздан бері алғаш рет 100 доллардан төмендеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

15 наурыздағы сауда барысында мұнай бағасы екі аптадағы ең төмен деңгейге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

15 наурыздағы сауда барысында мұнай бағасы екі аптадағы ең төмен деңгейге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17 желтоқсандағы жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 99,08 долларға (шамамен 51 000 теңге) дейін 7,28 пайызға арзандады. Индекс 1 наурыздан бері алғаш рет барреліне 100 доллардан төмендеген.

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің бағасы барреліне 94,99 долларға (шамамен 49 мың теңге) дейін 7,78 пайызға төмендеді.

Реклама
Реклама

Reuters агенттігі сарапшылар дерегіне сілтеме жасап, мұнай екі себепке байланысты арзандап жатқанын атап өтті: Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер жеткізілімдердің тоқтау қаупін сейілтті, сондай-ақ Қытайда коронавирус жағдайларының көбеюіне байланысты, өйткені шикізатқа сұраныстың төмендеу қаупі артады.

Бұл ретте басылым бітім болған жағдайда да баға жоғары болып қала беретінін атап өтеді, өйткені "Батыстың Мәскеуді санкциялар көмегімен оқшаулау әрекеті жалғасады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная